Accessibility links

Беларусь ЕҚЫҰ бақылаушыларына виза бермеді


Парламент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беріп жатқан әскери қызметкер. Минск, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Парламент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс беріп жатқан әскери қызметкер. Минск, 19 қыркүйек 2012 жыл.
Беларусь 23 қыркүйекте өтетін парламент сайлауын бақылауға бармақ болған ЕҚЫҰ-ның екі өкілі - Германия мен Литва азаматына виза бермей қойды. Ресми Минск виза беруден неліктен бас тартқанының себебін түсіндірмеді.

23 қыркүйекке белгіленген сайлауды ЕҚЫҰ-ның шамамен 300-ге тарта өкілі бақылауы тиіс. Беларусь орталық сайлау комиссиясы 18 қыркүйекте мерзімінен бұрын дауыс беру басталғанын хабарлаған.

Сайлау қарсаңында оппозициялық партиялар сайлауда заң бұзушылықтардың көп болатынын және бірқатар саяси белсенділердің түрмеде әлі отырғанын айтып, халықты сайлауға байкот жариялауға шақырған.

1994 жылы билікке келген президент Александр Лукашенконы төртінші мерзімге сайлаған 2010 жылғы желтоқсандағы сайлаудан соң елде оппозицияны жаппай қудалау басталды. Бұдан кейін ресми Беларусь саяси оқшаулана бастады.
XS
SM
MD
LG