Accessibility links

Оппозиция Алматы әкімін сотқа тарта алмады


Болат Әбілев, оппозициялық саясаткер. Алматы, 5 қыркүйек 2012 жыл
Болат Әбілев, оппозициялық саясаткер. Алматы, 5 қыркүйек 2012 жыл
Алматы қаласындағы Бостандық аудандық соты оппозицияның митинг өткізуге тыйым сала беруге қатысты қала әкімі Ахметжан Есімов пен оның орынбасары Серік Сейдумановтың және мәслихат төрағасы Төлеубек Мұқашевтің үстінен түсірген арызын қарастырмай тастады. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан агенттігі хабарлады.

"Кеше Бостандық аудандық соты арызымызды қараудан бас тартты. Біз аппеляциялық шағым түсірмекпіз. Қазақстанның жоғарғы сотына дейінгі барлық деңгейде арызданып, сосын БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясына құжат тапсырмақпыз" деген оппозициялық саясаткер Болат Әбілев.

Арыз берушілердің қатарында Болат Әбілев, Гүлжан Ерғалиева, Маржан Аспандиярова, Ермұрат Бапи мен Якобжан Джунисбековтер бар.

Оппозиция өкілдері 5 қыркүйек күні тапсырған арыздарында азаматтардың жиналу құқығын шектеп отырған қалалық биліктің әрекетін заңсыз деп тануды сұраған болатын.

Биыл оппозиция Алматы қаласындағы Республика сарайы алдында рұқсат етілмеген бірнеше жиын өткізіп, бірнеше белсенді қысқа мерзімге қамалып және айыппұл төлеген еді.
XS
SM
MD
LG