Бүгін жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат сегіз жарымда Атырау қаласының маңында орналасқан «Көктем» бағбандық алабындағы үйлердің бірінде құқық қорғау органдары терроризмге қарсы операция жариялады. Бұл туралы ақпарат Қазақстанның бас прокуратурасының сайтында жарияланды.
Ресми хабарламаға қарағанда, кеше құқық қорғау органдары 15 қыркүйекте полицияның патрульдік-бекеттік қызмет батальоны қызметкерлеріне және Атырау қаласының ішкі істер басқармасына қарулы шабуыл жасады деген күдікке ілінген адамдардың сол жерде екенін анықтаған.
Терроризмге қарсы операция жарияланған аймақта ерекше құқықтық режим енгізіліп, жақын тұрған үйлердің тұрғындарды эвакуацияланды деп хабарлайды бас прокуратура.