Accessibility links

Жаңа iPhone 5 саудаға түсті


Apple компаниясының маркетинг бойынша директоры Фил Шиллер iPhone 5 смартфонын таныстырып тұр. Сан-Франциско, 12 қыркүйек 2012 ж.
Apple компаниясының маркетинг бойынша директоры Фил Шиллер iPhone 5 смартфонын таныстырып тұр. Сан-Франциско, 12 қыркүйек 2012 ж.
Бүгін таңертең Австралиядағы сауда орындарында америкалық Aplle компаниясының жаңа өнімі - iPhone 5 смартфоны сатыла бастады.

Сондай-ақ бүгіннен бастап жаңа смартфон Жапония, Сингапур, Гонконг, Франция, Германия, Ұлыбритания, Канада және АҚШ-та сатыла бастайды, ал қыркүйектің 28-нен бастап тағы 22 елде саудаға шығарылады. Жыл соңына дейін әлемнің 100-ге жуық елінде сатылады.

Apple компаниясы жаңа iPhone 5 смартфонын қыркүйектің 12-сінде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында көпшілікке таныстырған. Мамандар алдағы айларда компания ондаған миллион дана iPhone 5 телефонын сатады деп болжам айтады.
XS
SM
MD
LG