Accessibility links

Сотталғандардың туыстарына айыппұл салынды


Қарағанды облысының Абай аудандық сотында АК-159/18 түрмесінде отырған сотталушылардың туыстарының үстінен қозғалған 19 әкімшілік іс бойынша сот жүріп жатыр. Бұл туралы жергілікті "Новости Караганда" сайты өзінің Twitter-дегі парақшасында жазады.

"Новости Караганданың" жазуынша, қазірге дейін 12 адамның ісі қаралған. Судья сотталушылардың туыстары - 11 адамға 2 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК, бір айлық есептік көрсеткіш 1620 теңге көлемінде) 10 АЕК-ке дейін айыппұл салса, бір адамға екі тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарған.

20 қыркүйек күні АК-159/18 түрмесінде жазаланып өтеп жатқан сотталушылардың 200-ге тарта туысы мекеме алдына жиналып, колонияға әскер жасақ кіргізілгеніне наразылық танытқан. Бұдан кейін прокуратура олардың үстінен "полицияға бағынбады" деген айыппен әкімшілік іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG