Accessibility links

Сирияда үкіметтің әскери ұшағын атып құлатты


Сирия қарулы күштерінің әскери ұшағы. Алеппо, 19 қыркүйек 2012 ж.
Сирия қарулы күштерінің әскери ұшағы. Алеппо, 19 қыркүйек 2012 ж.
Сириялық көтерілісшілер Алеппо қаласының маңында әуеден үкіметтің әскери ұшағын атып құлатқан. Бұл туралы Рейтер агенттігі оқиғаның куәгері болған тәуелсіз журналистің айтқанын хабарлады.

Оппозицияның қарулы тобы әскери базаға шабуыл кезінде сол маңнан ұшып бара жатқан әскери ұшақты тасымалды зениттік-зымыран қаруынан дәлдеп атып түсірген.

Бүгін Сирияның Иорданиямен шекарасы маңында үкімет әскері мен оларға қарулы қарсылық көрсетіп жатқан Еркін Сирияның армиясы сарбаздары арасында кезекті ұрыс болды. Сириялық белсенділердің деректері бойынша, үкімет әскері Алеппо мен Ябруд қалаларындағы оппозиция бекінген бекеттерге соққы берген.

Сириялық құқық қорғаушылардың айтуынша, кеше елдің әр аймағында 150-дей адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG