Accessibility links

Минск швед журналистеріне виза бермеді


Белоруссия президенті Александр Лукашенко. 15 қыркүйек 2012 жыл
Белоруссия президенті Александр Лукашенко. 15 қыркүйек 2012 жыл
Парламент сайлауы жөнінде ақпарат тарату үшін сенбі күні Белоруссияға келген екі швед журналисі кері қайтарылды. Бұл туралы БелаПАН агенттігіне «Құқық қорғаушылар еркін сайлау үшін» кампаниясының үйлестірушісі Валентин Стефанович хабарлаған.

Оның сөзіне қарағанда «қыркүйектің 21-іне екі швед журналисіне Белоруссия сыртқы істер министрлігінің өкілі аккредитациялық құжат қыркүйектің 22-сіне әуежайдың өзіне әкеліп тапсырылатынын айтқан. Алайда сенбі күні журналистер өздерін аккредитациялаудан бас тартылғанын білген. Оларға «Минск-Рига-Стокгольм бағытындағы авиарейспен Швецияға кері қайту жөнінде кеңес берілген.

БелаПАН агенттігі осыған дейін Мәскеудегі белорус елшілігі TV 4 швед телеарнасының тілшісі мен операторына қолдарында парламент сайлауына берілген аккредитациялық құжат болғанына қарамастан виза беруден бас тартқанын хабарлаған еді.
XS
SM
MD
LG