Accessibility links

Мұсылман қызы Норвегияның мәдениет министрі болды


Норвегия премьер-министрі Йенс Столтенберг 29 жастағы Хадия Тайикты мәдениет министрі етіп тағайындады. Хадия Тайик бұл ел тарихындағы ең жас министр және алғашқы мұсылман екендігі мәлім болды.

Өз бағдарламасын жариялаған Тайик «мәдени алуан түрлілік Норвегияның күнделікті өмірінің құрамдас бөлігі болуы қажет» деп мәлімдеді.

Пәкістандық иммигранттар отбасында дүниеге келген Хадия Тайик Норвегиядағы бірқатар жетекші бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген, кейін еңбек министрінің кеңесшісі ретінде әлеуметтік мәселелермен шұғылданған.

21 қыркүйекте Норвегияның үш жарым мыңнан астам мұсылманы Ослодағы негізгі алаңдардың бірі мен АҚШ елшілігінің алдына жиылып, ислам құндылықтарына тіл тигізуге қарсылық білдірді. Акцияға жиналғандар «Мұсылмандар пәктігі» фильміне наразылық білдірді.

АҚШ-та түсіріліп, интернетте жария болған «Мұсылмандар пәктігі» фильмі әлем мұсылмандарының жаппай наразылығын туғызған еді.
XS
SM
MD
LG