Беларусьте бүгін парламент сайлауы өтіп жатыр. Таңертең республика бойынша алты мың сайлау участогы ашылды, өзге мемлекеттерде тағы да 40-қа жуығы жұмыс істемек.
Сайлаушылар тізіміне 7 миллионнан астам адам тіркелген. Беларусь орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, олардың 26 пайызға жуығы негізгі сайлау турынан бұрын, 6 күн ішінде дауыс беріп қойған. Оппозиционерлердің мәлімдеуінше, мерзімінен бұрын дауыс бергізу арқылы билік сайлау нәтижесін бұрмалауды көздеп отыр, өйткені алдын ала берілген дауыс беру процесін бақылау өте күрделі.
Парламенттің 110 орындық төменгі палатасына 290-нан астам үміткер таласады, олардың негізгі көпшілігі - қазіргі билікті қолдайтын саяси партиялардың мүшелері. Оппозициялық партиялардың көбі «демократиялық стандарттарға сай келмейтін» сайлауға қатысудан бас тартты және азаматтарды да сайлауға бармауға шақырды.
Сайлаушылар саны 50 пайыздан асса, сайлау өтті деп саналады.