Accessibility links

Жазушылар одағының құрылтайы басталды


Бүгін Алматыда Қазақстан жазушылар одағында жазушылар құрылтайы басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Құрылтайда жазушылар одағының төрағасын сайлау, одақтың бес жыл бойы атқарған жұмыстарына есеп беру сияқты мәселелер талқыланбақ. Құрылтай ашылмас бұрын сөзді Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке "жала жапты" деген айыппен сотталып, кейін мерзімінен бұрын босатылған оралдық жазушы Алпамыс Бектұрғанов алды. Ол Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет істеп жүрген кезінде "облыста істелініп жатқан қитұрқы істерді баспасөз мәслихатын өткізіп жария еткенін, сол үшін жазушылар одағынан шығарылғанын" айтып, одақтың ол әрекетін "масқара іс" деп атады.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиынға мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысып жатыр.
XS
SM
MD
LG