Accessibility links

БҰҰ өкілі: Сириядағы жағдай нашарлап келеді


БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими (сол жақта) президент Башар Асадпен кездесіп отыр. Дамаск, 15 қыркүйек 2012 жыл.
БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими (сол жақта) президент Башар Асадпен кездесіп отыр. Дамаск, 15 қыркүйек 2012 жыл.
БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша арнайы өкілі Лахдар Брахими БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің алдында осы елдегі жағдайға қатысты есеп берді. Оның айтуынша, Сириядағы жағдай мүлдем нашарлап кеткен.

Брахими Дамаскіде президент Башар Асадпен және сыртқы істер министрі Уалид әл-Муаллиммен кездесулер өткізген. Брахимимен кездесулерінде Сирия басшылығының айтқан есебі бойынша, елде қазір шамамен 5 мыңға тарта жалдамалы соғысып жатыр. Сирия билігі ұзаққа созылған қақтығысты "сыртқы күштердің астыртын сөз байласуының кесірі" деп бағалайды.

Брахими бұған қоса Сирияда азық-түлік дағдарысы да күшейіп келе жатқанын айтады. БҰҰ дерегі бойынша, биыл сәуірден бастап азық-түлікке зәру сириялықтардың саны 250 мыңнан бір жарым миллионға дейін өскен.
XS
SM
MD
LG