Accessibility links

Тараз маңында ескі қару-жарақтарды жойып жатыр


Тараз қаласының тұрғындары бірнеше күннен бері ұдайы естілетін жарылыс үнінен үйлерінің қабырғалары солқылдайтынына алаңдап отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, бұған Тараз маңындағы "Айша Бибі" полигонындағы қолдану мерзімі өтіп кеткен қару-жарақтарды жою жұмыстары себеп болып отыр.

"Оңтүстік" аймақтық әскери жасақ басшылығының кезекшісі Алексей Нуритдиновтың айтуынша, қару-жарақтарды жою жұмыстары бір ай бойы жүреді.
XS
SM
MD
LG