Accessibility links

Өзбекстанда жекешелендіруді қайта қарауға тыйым салынды


Өзбекстан президенті Ислам Каримов. 6 маусым 2012 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов. 6 маусым 2012 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов жекешелендіруге қатысты істерді қайта қарауға тыйым салатын жаңа заңға қол қойды. Бұған дейін Каримов "бұл өзгерістер жеке меншік құқықтарын және кәсіпкерлікті қорғауға бағытталған" деген.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаңа заң кез-келген тексеруге, оның ішінде құқық қорғау органдарының жекешелендіруге қатысты келісім-шарттарды қайта қарап, оның күшін жоюына тыйым салады.

СССР құлағаннан кейін басқа бұрынғы одақтас республикалардағы сияқты Өзбекстанда да мемлекеттік кәсіпорындар жеке адамдардың иелігіне сатылды. Мұнда халық табысы мол мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігі белгілі бір ықпалды адамдарға, оның ішінде партия басшылары мен жоғары шенді шенеуніктерге сатылды деп біледі.
XS
SM
MD
LG