Астана қаласының әкімшілік соты сейсенбіде наразылық акциясы кезінде ұсталған жатақхана тұрғындарын әкімшілік жазаға тартты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Тұрғын Болатбек Біләлов "акцияны ұйымдастырды" деп үш күнге қамалса, Бибіжан Оразбаева ескерту алды. Ал қалған бес адамға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1618 теңге) айыппұл салынды.
Сейсенбіде астаналық 30-ға тарта тұрғын өздерін жатақханадан күштеп көшіруге наразылық танытқан еді.