Accessibility links

Атырау қаласының экс-әкімі екі айға қамалды


Атырау қалалық соты қаланың бұрынғы әкімі Асқар Керімовті екі айға қамауға алды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі.

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, қалалық 2-сот Керімовті қылмыстық кодекстің 307-бабы ("қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану") бойынша қамауға алған. Қазір қаржы полициясы Атырау облысы шенеуніктерінің "ірі көлемдегі бюджет қаржысы мен мемлекет мүлкін жымқыру" фактісі бойынша қылмыстық істі тексеріп жатыр.
XS
SM
MD
LG