Accessibility links

Прокуратура: Арқанкергендегі бір шекарашының мәйіті анықталды


Арқанкергендегі қаза тапты делінген шекарашылардың өртеніп кеткен мәйіт қалдықтарына жасалған гендік сараптаманың қорытындысы шықты деп хабарлайды бас әскери прокуратураға сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

Прокуратураның баспасөз хатшысы Рүстем Әбділдиннің сөзіне қарағанда, ДНК сараптамасының қорытындысы бойынша күлге айналған мәйіт қалдықтарында Рүстем Ақылбаевтың мәйіті ғана бар деген тұжырым жасалған.

Неміс мамандары қалған екі адам мәйітінің қалдықтарының кімдікі екенін анықтай алмаған.

Бұған дейін "Арқанкерген" шекара бекетінде қаза тапты делінген шекарашылардың 11-ін тұлғасын қазақстандық сарапшылардың өздері анықтаған. Шекарашылар Рүстем Ақылбаев, Денис Рей және Мейірхан Именовтің тұлғалары ғана анықталмады делінген.

Бұдан соң Берлиндегі "Шарите" құқықтық медицина орталығының ғалымдары молекулярлық-генетикалық сараптама жүргізген.

Асқар Әбділдин тергеу жалғасып жатқанын айтады.

Арқанкергендегі оқиға 30 мамырда мәлім болған. «Шығыс» аймақтық шекара қызметі Үшарал отрядының Арқанкерген заставасынан 14 шекарашы мен бір қорықшы - барлығы 15 адамның сүйегі табылған.

Маусымның 5-інде тірі қалған жалғыз шекарашы - 19 жастағы Владислав Челах ұсталды. Маусымның 7-сінде Қазақстан бас прокуратурасы Челахтың «қасындағы серіктерін өлтіргенін» мойындағаны туралы хабарлады. Бірақ Челахтың туыстары оның қылмыс жасағанына сенбейтіндерін айтқан.
XS
SM
MD
LG