Accessibility links

Оралда Досмұхамедов конференциясы басталды


Жаһанша Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция. Орал, 27 қыркүйек 2012 жыл. Сурет Фейсбук желісінен алынды.
Жаһанша Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған халықаралық конференция. Орал, 27 қыркүйек 2012 жыл. Сурет Фейсбук желісінен алынды.
Бүгін Оралда алашорда қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың 125 жылдығына арналған "Алаш қозғалысы және қазақтың ұлттық идеясы" атты халықаралық конференция өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық радиосының осы аймақтағы тілшісі.

Конференция биыл Жаһанша Досмұхамедовтің туғанына 125 жыл толуына арналған шаралар аясында өтіп жатыр. Шараны негізінен Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология институты ұйымдастырған. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Чехия және Қарақалпақстаннан келген тарихшылар мен Алашорда тарихын зерттеп жүрген әр саланың өкілдері қатысып жатыр. Тарихшылар Жаһанша Досмұхамедовтың қызметі мен Алашордаға қатысты баяндамалар оқыды.

Жиында журналист Болат Мүрсәлімнің Алаш қайраткерлерінің барлық суретін жинақтап, құрастырған альбомы таныстырылған. "Жинаққа алаш қайраткерлерінің күні бүгінге дейінгі қолда бар барлық фотосуреті енген" дейді Азаттық тілшісі.
XS
SM
MD
LG