Accessibility links

Ресми БАҚ "Атырауда террористік үш топ болғанын" хабарлады


"Терроризм" айыбымен Атырау қалалық ішкі істер басқармасындағы іздеу жарияланғандардың суреттері. Атырау,11 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
"Терроризм" айыбымен Атырау қалалық ішкі істер басқармасындағы іздеу жарияланғандардың суреттері. Атырау,11 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет).
Атырауда жеке-дара үш "террористік топ" қызмет етті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Өткен жылы Атырау облыстық әкімдігінің жанында болған жарылыстардан соң басталған тергеу материалдарына сілтеме жасаған агенттік олардың "Иттихад әл-Муслимин", "Ондық" және "Ли тобы" деп аталғанын жазады.

Тергеу деректеріне қарағанда, 2008 жылы "жиһадшыл салафистік ағымның 9 мүшесі" Атырауда террористік бағыттағы "Қазақ ислам жиһады" атты астыртын ұйым құрған. 2008-2011 жылдары бұл ұйымға 42 адам тартылған. Бұдан соң олар үш топқа бөлініп, оларды "Қазақ ислам жиһады" ұйымы басқарып отырған. "Үш топтың барлық мүшесі ұсталды" дейді агенттік.

Агенттік топ мүшелері деген Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов және Дамир Зналиев туралы 2011 жылдың соңында бас прокуратура олардың "Халифат сарбаздары" тобымен "байланыс орнатқанын" жария еткен еді.

"Террористік топтардың" барлық мүшесі биыл сәуір айында 6 жылдан 11 жыл мерзімге сотталған.
XS
SM
MD
LG