Accessibility links

Пәкістанда тасқын құрбандарының саны 400-ден асты


Cу тасқынынан зардап шеккен аймақта. Пәкістан, 12 қыркүйек 2012 ж.
Cу тасқынынан зардап шеккен аймақта. Пәкістан, 12 қыркүйек 2012 ж.
Пәкістанда су тасқыны салдарынан қаза болғандар саны 400 адамнан асты. Бұл туралы соңғы деректерді Пәкістанның ресми орындары хабарлады.

Қыркүйектің басынан бері елде су тасқыны салдарынан 4,5 миллион адамның баспанасы, жер телімдері бүлінген, мал-мүлкіне зиян келген. Әсіресе табиғаттың дүлей күшінен елдің оңтүстік-шығысындағы Синд провинциясы қатты зардап шеккен. Осыдан екі жыл бұрын бұл аймақта қатты тасқын салдарынан 2 мыңнан астам мерт болған еді.

Сол сияқты Белуджистан мен Пенджаб провинциялары да тасқыннан айтарлықтай зиян шеккені хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG