Accessibility links

Алматы-Талдықорған газ құбырының құрылысы басталды


Газ құбырының құрылысы. Көрнекі сурет.
Газ құбырының құрылысы. Көрнекі сурет.
Бүгін Алматы облысында Алматы-Талдықорған газ құбырының құрылысы басталды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың айтуынша, екі жылдан соң іске қосу көзделген жоғары қысымды магистральды газ құбыры жалпы саны 600 мыңнан астам тұрғынға газ отынын пайдалануға мүмкіндік бермек.

Ұзындығы 264,8 шақырымды құрайтын құбыр желісі Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Балқаш, Кербұлақ, Көксу және Ескелді аудандарының аумағы арқылы өтеді. Жобаны іске асырушы "КАТЭК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақпараты бойынша, жобаның құны 20 миллиард теңге шамасында.

Газ құбырының құрылысы 2014 жылы желтоқсанда аяқталады деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG