Accessibility links

Гузел Манюрова әлем чемпионатында күміс алды


Гузел Манюрованың (қызыл киімде) Лондон олимпиадасы кезіндегі күресі.
Гузел Манюрованың (қызыл киімде) Лондон олимпиадасы кезіндегі күресі.
Еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Гузел Манюрова бүгін Канаданың Эдмонтон қаласындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы ақпарат халықаралық күрес федерациясының сайтында жарияланды.

72 килограмм салмақта күрескен Гузел Манюрова алғашқы кездесуінде әзірбайжандық Наталья Паламарчукті, ширек финалда бразилиялық Алине Феррейра де Силваны жеңді.

Ал жартылай финалда беларусь спортшысы Василисия Марзалюкті ұтқан. Алайда финалдық белдесуде Манюрова швециялық Анна Франссоннан ұтылып, екінші орын иемденді.

Бұл салмақ дәрежесінде қола жүлдені Василисия Марзалюк пен қытайлық Сю Цинь алды.
XS
SM
MD
LG