Accessibility links

Иванишвили: Таяуда Грузияда билік сайлау жолымен ауысады


"Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили журналистермен сөйлесіп отыр. Тбилиси, 28 қыркүйек 2012 жыл
"Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили журналистермен сөйлесіп отыр. Тбилиси, 28 қыркүйек 2012 жыл
"Халықаралық бақылаушылар Грузиядағы сайлау алды жағдайдың қандай екенін жақсы біледі" деп мәлімдеді "Грузия арманы" коалициясының жетекшісі Бидзина Иванишвили бүгін Тбилисидегі "Рэдиссон" қонақүйінде халықаралық бақылаушылармен кездесуінен кейін.

Иванишвилидің сөзіне қарағанда, "алдағы парламент сайлауын барлығы да үлкен әзірлікпен күтіп отыр, сондықтан сайлау демократия талаптарына сай өтуі мүмкін".

"Сайлауда "Грузия арманы" айқын басымдықпен жеңіп шығуы әбден ықтимал» деп баға берген Иванишвилидің «Таяуда Грузия тарихында билік алғаш рет сайлау жолымен ауысады», - деп мәлімдегенін айтады «ИнтерпрессНьюс» ақпарат агенттігі.
XS
SM
MD
LG