Accessibility links

Францияда ЕО саясатына наразылық танытты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Франция астанасы Парижде Еуропа Одағының (ЕО) ұйымға мүше елдер үкіметтерін бюджет шығындарын азайтуға мәжбүрлейтін саясатына наразылық акциясы болды. Наразылық осы аптада парламентте ЕО-ның қаржы дағдарысын реттеуді көздейтін Бүкілеуропалық бюджет пактісін талқылаудың қарсаңында өтіп отыр.

Өткен жұмада Франция үкіметі 2013 жылдың бюджетін ұсынған. Онда мемлекеттік бағдарламаларды қысқарту және салықты көбейту арқылы бюджет шығындарын 37 миллиард еуроға азайту көзделген еді.

Акцияны ұйымдастырған коммунистер мен "Солшыл майдан" партиясы өкілдерінің айтуынша, шерушілер Франция үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шараларға емес, ЕО саясатына қарсылық білдіреді.
XS
SM
MD
LG