Accessibility links

Шіркеу Pussy Riot-ты "тәубе қылуға" шақырды


Pussy Riot мүшелері сот залында. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Pussy Riot мүшелері сот залында. Мәскеу, 17 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет).
Ресей православие шіркеуі Pussy Riot панк тобының сотталған үш әншісін апелляцияда көмегі тиюі мүмкін деп, "тәубесіне келуге" шақырды.

"Егер топ мүшелері істеріне өкініп, тәубе етер болса, олардың сөздері еленбей қалмайды" делінген шіркеу таратқан мәлімдемеде. Шіркеу бұған қоса "топ әншілерінің ғибадатханада айтқан әндері православие дінін ұстанушылардың сенімін ғайбаттайды және ол әрекет жазасыз қалмауы тиіс" деп санайды.

Pussy Riot-тың үш әншісі Мәскеудегі Құтқарушы Ғайса ғибадатханасында президент Владимир Путинге қарсы ән айтып, әрқайсысы екі жылға сотталған.

Бүгін Мәскеу қалалық сотында топ мүшелерінің апелляциялық шағымы қаралады.
XS
SM
MD
LG