Accessibility links

Арқанкергенде қаза тапқан шекарашы жерленді


Арқанкергенде қаза тапқан шекарашылардың бірі Қамбар Ағанасты жерлеу рәсімі. Ақтөбе қаласы, 9 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Арқанкергенде қаза тапқан шекарашылардың бірі Қамбар Ағанасты жерлеу рәсімі. Ақтөбе қаласы, 9 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласында Арқанкерген бекетінде қаза тапты делінген сарбаз Рүстем Ақылбаевты жерлеу рәсімі өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Сарбаз ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты 2484-әскери бөлімінде келісім-шартпен қызмет етіп жүргенде қаза тапқан.

Алакөл ауданының әкімдігінің мәліметі бойынша, жерлеу рәсіміне оның туыстары мен жақындары, әріптестері қатысты. Жерлеу рәсімі мен ескерткішті орнату шығындарын Алакөл ауданының әкімдігі өз мойнына алған.

Ресми орындар бұған дейін Германияның «Шарите» құқықтық медицина институтына жөнелтілген үш мүрденің қалдығына сараптама жүргізу барысында Рүстем Ақылбаевтың ғана тұлғасы анықталғанын мәлім еткен. Ал қалған мәйіттерден неміс сарапшылары тұлғаны анықтауға жарамды ДНК жасушыларын таба алмаған.

Келісім-шарт бойынша қызмет атқарған Рүстем Ақылбаев 1991 жылы Үшарал қаласында туған. Ол Алматы облысындағы Арқанкерген бекетінде қызмет еткен 15 шекарашының бірі болатын.
XS
SM
MD
LG