Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей БҰҰ Бас ассамблеясында жасаған үндеуінде өзге мемлекеттердің басқа елдің ішкі ісіне араласа беруін сынады. Оның айтуынша, бөтен елдің ішкі ісіне араласу "қазіргі замандағы көптеген геосаяси проблемалардың тууына әкеп соғады".
"Халықаралық құқық барлық мемлекеттердің мүдделері арасындағы тарихи ымыраластық ретінде пайда болған. Сондықтан ол тек барлық ел бірдей келіскен жағдайда ғана толықтырылуы немесе қайта қаралуы мүмкін" деді министр.
Макейдің сөзіне қарағанда, "гуманитарлық интервенция" немесе басқа да "сәнге айналған тұжырымдар" бір елдің басқа егеменді мемлекеттің ішкі ісіне араласуын ақтай алмайды".