Accessibility links

AI Әзербайжан белсендісін босатуға шақырды


Әзербайжандық жастар белсендісі Заур Қурбанлы.
Әзербайжандық жастар белсендісі Заур Қурбанлы.
Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Әзербайжан үкіметін оппозиционер Заур Қурбанлыны босатуға шақырды. NIDA оппозициялық жастар қозғалысының төрағасы Гурбанлиді полиция 29 қыркүйекте ұстап әкеткен.

Заур Қурбанлы "Демократия үшін ән сал" атты акцияға қатысқан. Акция нәтижесінде биылғы Eurovision ("Еуровижн") байқауының жеңімпазы, 28 жастағы швециялық әнші Лорин Зинеб Әзербайжандағы адам құқықтарының бұзылғанын сынаған.

Әзербайжан ішкі істер министрлігі қызметкерінің айтуынша, Қурбанлы "заңсыз есірткі тасымалдау операциясына қатысты" деген күдікке ілінген. Полицияның дерегіне қарағанда, тұтқындау кезінде ол "қарсылық көрсеткен", ал кеңсесінен "заңсыз заттар мен құжаттар" табылған.

Amnesty International-дың Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Джон Далгуйзен әзербайжандық белсенділердің көбінесе "полицияға қарсылық танытты" деген айыппен ұсталатынын айтады. "Бұл белсенділерге қарсы іс ойлап табу үшін оларды 15 күнге қамауға мүмкіндік береді" дейді ол.
XS
SM
MD
LG