Бүгін Бішкектің орталығындағы Алатау алаңында бірнеше жүз адам жиналып, Құмтөр алтын кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен шеру бастады.
Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, митинг әуелі бейбіт түрде өтеді деп жарияланған. Бірақ митингіде сөйлеген "Ата Жұрт" партиясының жетекшісі Камчыбек Ташиев демонстранттарды билікті алуға шақырып, оған өзі жауапты болатынын мәлімдеді. Бұдан соң митингіге шыққандар үкімет үйіне қарай жөнелді. Бірақ онда барған топты қауіпсіздік қызметкерлері кейін ысырып, оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.
Кейбір деректерге қарағанда, митингіге жиыны 1000-1500 аралығында адам қатысып жатыр.