Accessibility links

Иран валютасының құны арзандап жатыр


Риал, Иран валютасы. (Көрнекі сурет).
Риал, Иран валютасы. (Көрнекі сурет).
Иран полициясы сәрсенбіде заңсыз валюта айырбастаушыларды ұстағанын хабарлады. Өткен аптада иран валютасы - риалдың бағамы төмендеп, өз құнының үштен біріне дейін құлдырап кеткен.

Иран үкіметі валюта айырбастаумен айналысушыларды риалдың бағасын түсіріп жіберді деп айыптап, олар дереу ұсталуы тиіс деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті риал бағасының құлдырауы халықаралық қауымдастықтың Иранды даулы ядролық бағдарламасынан бас тартқызу үшін салған санкциясының нәтижесі деп танып отыр.

Ал экономистер президент Махмуд Ахмединежад режимінің кері саясаты да риал бағасының кенеттен құлдырауына әкеп соқты деп санайды.

Ирандағы кейбір валюта айырбастаумен айналысатындар Иранда өткен аптада 1 АҚШ доллары 24500 риал болса, сейсенбіде 37500 риал, бүгін 40000 риалға көтерілгенін айтады.

Риалдың долларға шаққандағы бағамы 2012 жылдың басынан бері 80 пайызға арзандады.
XS
SM
MD
LG