Accessibility links

АҚШ президенттігіне үміткерлердің дебаты өтіп жатыр


Барак Обама (сол жақта) мен Митт Ромни.
Барак Обама (сол жақта) мен Митт Ромни.
АҚШ-тың Денвер қаласында (Колорадо штаты) президенттікке кандидат - қазіргі президент, демократ Барак Обама мен республикашыл Митт Ромнидің арасында алғашқы дебат өтіп жатыр.

Дебат үш кезеңнен тұрады. Әр кезең 90 минутқа созылады. Дебатты PBS телекомпаниясының журналисі Джим Лерер жүргізіп жатыр. Бүгін дебаттың алғашқы кезеңінде ішкі саясат, әсіресе экономикалық мәселелер талқыланып жатыр.

11 қазанда вице-президенттікке кандидаттар - демократ Джо Байден мен республикашыл Пол Райан арасында да дебат болады деп жоспарланып отыр.

АҚШ президенттігіне сайлау 6 қарашаға белгіленген. Соңғы сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенсек, Барак Обама қарсыласынан аз ғана дауыс айырмашылығымен басым тұр.
XS
SM
MD
LG