Accessibility links

Қазақстанда "Мұсылмандар пәктігі" фильміне тыйым салынды


Астананың Сарыарқа аудандық соты. (Көрнекі сурет).
Астананың Сарыарқа аудандық соты. (Көрнекі сурет).
Астананың Сарыарқа аудандық соты АҚШ-та түсірілген "Мұсылмандар пәктігі" фильмін экстремистік деп танып, оның Қазақстан аумағында таралуына және көрсетілуіне тыйым салды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы Қуаныш Жақсыбергенов Астана қаласы прокурорының ол фильмді экстремистік деп танып, Қазақстан аумағына кіргізіліп, таратылуына тыйым салу туралы өтінішін қанағаттандырғанын мәлімдеді.

Прокуратура 21 қыркүйекте "ішінде діни алауыздықты қоздыратын белгілері бар" деп, фильмге тыйым салу туралы іс қозғаған.
XS
SM
MD
LG