Accessibility links

Карзай Батыстың "қос стандартын" сынады


Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 4 қазан 2012 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай баспасөз жиынында сөйлеп тұр. Кабул, 4 қазан 2012 жыл.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай ел президентін сайлау бұған дейін белгіленгендей 2014 жылы өтетінін мәлімдеді.

Кабулде өткен баспасөз жиынында Карзай өзіне қарата "тағы да президенттікке сайлану үшін конституцияға өзгерістер енгізуге әрекет жасауы мүмкін" деген әңгімелерді жоққа шығарды.

Терроризммен күрес мәселесіне қатысты Хамид Карзай Батыс елдері "қос стандартты" саясат ұстанады" деп мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, "шетел әскері Ауғанстанға терроризммен күресу үшін кіргізілген, бірақ Батыс елдері террористік ұйымдар тамыр алып отырған елдердегі терроризммен күресуге күш салмайды".
XS
SM
MD
LG