Accessibility links

Facebook тіркелушілері миллиардқа жеткенін хабарлады


Facebook әлеуметтік желісінің белгісі.
Facebook әлеуметтік желісінің белгісі.
Әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желіде тіркелген белсенді пайдаланушылар саны бір миллиардқа жеткені туралы Facebook компаниясының негізін қалаған Марк Цукерберг хабарлады. Осылайша соңғы екі жылда бұл желіні пайдаланушылар саны екі есеге көбейгені айтылып отыр.

Ресми деректер бойынша, Facebook желісінде аккаунты бар пайдаланушылар АҚШ, Бразилия, Мексика, Индонезия және Үндістанда басым. Бірақ Facebook желісін пайдаланушылар саны миллиардқа жеткен деген ақпаратқа күмән келтіретіндер де аз емес деп хабарлайды France Presse агенттігі.

Аккаунттардың 83 миллионға жуығы жалған деректер көрсеткендердің, спам таратушылардың немесе үй жануарларының атынан тіркелгендердің үлесінде болуы мүмкін екенін Facebook компаниясындағылар да айтады.

2004 жылы ашылған Facebook әлеуметтік желісі биыл мамыр айында тұңғыш рет акцияларын биржа саудасына шығарды. Бастапқыда әр данасы 38 долларға бағаланғанымен, акция көп ұзамай арзандай бастады. Қазір компанияның бір акциясының бағасы - 21 АҚШ доллары шамасында.
XS
SM
MD
LG