Accessibility links

Қазақстанда мұздықтар тез еріп барады


Мәншүк Мәметова атындағы мұздықтағы №6 көл. Іле Алатауы, Қазақстан.
Мәншүк Мәметова атындағы мұздықтағы №6 көл. Іле Алатауы, Қазақстан.
Қазақстанда 2050 жылға қарай мұздықтар қалмауы мүмкін деді бүгін Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, bnews сайтының хабарлауынша.

Мұздықтар өте қарқынды және көп еріп жатқанын айтқан министр 2050 жылға қарай мұздықтар түгелдей жоғалуы мүмкін екенін ескертті. "Қазір Іле Алатауында 1700 мұздық бар" деді Божко.

Министр бұл мәселе елдің территориялық тұтастығын дамыту кезінде ескерілуі тиіс екенін айтып, табиғаттың өзгеруіне «саналы түрде төтеп беруге» дайындалу қажет деді.
XS
SM
MD
LG