Accessibility links

Назарбаев нан бағасын өсірмеуді тапсырды


Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет жетекшісі Серік Ахметовті қабылдады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Премьер Ахметов 2013-2015 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу барысы мен үкіметтің таяу кезеңдегі міндеттері туралы баяндаған. Сонымен қатар, кездесуде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жиын-терін науқанының аяқталуы және жылу беру маусымына дайындық мәселесі талқыланған.

Президент Назарбаев жиын-терін науқанының аяқталуына байланысты өңірлерде астық қорын тұрақтандыруды қалыптастыру, сондай-ақ нан бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде облыстар әкімдерімен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап көрсетті деп хабарлайды баспасөз қызметі.
XS
SM
MD
LG