Accessibility links

«Битлз» тобының тұңғыш синглына - 50 жыл


Британдық «Битлз» тобы.
Британдық «Битлз» тобы.
Британдық «Битлз» тобының "Love Me Do" деп аталатын алғашқы синглының шыққанына бүгін жарты ғасыр толды.

Ливерпуль қаласынан шыққан төрт жас жігіт - Джон Леннон, Пол Маккартни, Джордж Харрисон және Ринго Стардың басын біріктірген бұл топ кейін әлем жұртына мәшһүр болды.

Бүгін Ливерпуль қаласында әйгілі топтың өнерін құрметтейтін көпшілік осынау айтулы күнді арнайы шарамен атап өтпек. Мыңнан аса адам «Битлз» тобының әндерін бір мезгілде қосыла шырқамақ.
XS
SM
MD
LG