Accessibility links

Ресей әскери базасы Тәжікстанда тағы 30 жылға қалды


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 5 қазан 2012 ж.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. Душанбе, 5 қазан 2012 ж.
Тәжікстан жеріндегі Ресейдің 201-әскери базасы сол елде тағы 30 жылға, яғни 2042 жылға дейін қалатын болды. Бұл туралы екі ел арасындағы келісімге бүгін Душанбеде қол қойылды.

Келісімге сәйкес, Ресей әскери базасы іс жүзінде Тәжікстанда тегін тұрады деген Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков "Интерфакс" агенттігіне.

Жұма күні Душанбеге сапармен келген Ресей президенті Владимир Путин бұл күні 60 жасқа толған Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға снайперлік винтовканы сыйға тарту еткені хабарланды.

Тәжікстанда тұрған 201-әскери база Ресейдің шетелдегі ең ірі әскери нысаны болып саналады. Ресей онда 7 мыңға жуық сарбаз және әскери техника ұстап отыр. Бұған дейін Ресейдің Тәжікстанмен жасаған жерді жалға алу келісімінің мерзімі 2014 жылы аяқталады.
XS
SM
MD
LG