Accessibility links

«Орталық коммуникациялар қызметі» мекемесі құрылды


Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Ақорда - Қазақстан президентінің Астанадағы резиденциясы.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан республикасының президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы жарлық шығарды деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Осы жарлықпен премьер-министр кеңсесінің «Коммуникация орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, оның мүлкі жаңадан құрылған мекемеге тапсырылды.

Президент Назарбаевтың өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан республикасы президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.
XS
SM
MD
LG