Сирия үкіметінің күштері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыс кезінде түскен снарядтарға жауап ретінде Түркия әскері Сирия аумағын артиллериямен атқылап жатқанына төртінші күн болды.
Кеше Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлы "түрік армиясы парламент шешіміне сай әрекет етіп жатқанын және мұнан кейін де Түркия шекарасына нұқсан келтіретін оқиғалардың бірде-бірі жауапсыз қалмайтынын" мәлімдеген еді.
Сирия аумағынан атылған снаряд түрік елді мекендерінің біріне түсіп, бес адам қайтыс болғаннан кейін Түркия мен Сирия арасындағы жағдай шиеленісіп кеткен болатын.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта да соңғы оқиғаларға байланысты Сириядағы жанжалдың көршілес елдерге тарау қаупі бар деп мәлімдеме жасады. Панеттаның сөзіне қарағанда, Вашингтон дипломатиялық жолдармен жанжал төңірегіндегі тараптардың барлығын осынау қауіптен сақтануға шақырады.
Сирияда президент Башир Асад пен қарулы оппозиция арасындағы қақтығыс әлі жалғасып жатыр.