Қытайдың батысындағы Ганьсу провинциясында тибет монахы өзін-өзі өртеп жіберді. 27 жасар монах бұл әрекетке қытай билігінің Тибеттегі саясатына қарсылық ретінде барған.
Құқық қорғаушылардың айтуынша оның алдында ғана, яғни бейсенбі күні тағы бір тибеттік эссеист дәл осылай өлген еді.
Соңғы 3 жылдың ішінде кем дегенде 44 тибеттік өзін-өзі өртеп жіберген, олардың көпшілігі будда монахтары.