Қырғызстанның сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаев "Беларусь, Қазақстан және Ресейдің қатысуымен құрылған Кеден Одағына қырғыз мемлекетінің де қосылуға ниеті бар" деп мәлімдеді. Ол мұны 8 қазанда Мәскеуде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер өткізген соң айтты. Абдылдаевтың сөзінше, осы мақсатпен Қырғызстанда арнайы жұмыс топтары құрылған.
Кеден Одағы 2011 жылы шілде айынан бастап күшіне енді. Ал 2012 жылы қаңтарда үш елдің арасында адам, тауар, қызмет түрлері мен капиталдың еркін қозғалуына жол ашатын бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы үш жақты келісімдер жасалды. Кремль өкілдерінің сөзінше, "осынау интеграциялық іс-әрекеттердің түпкі мақсаты - 2015 жылға қарай Еуропа Одағына ұқсас Еуразиялық экономикалық одақ құру".