Accessibility links

Жалал-Абадта 17 әйел аштық жариялап жатыр


Жалал-Абадта аштық шарасын өткізіп жатқан әйелдер. Қырғызстан, 8 қазан 2012 ж.
Жалал-Абадта аштық шарасын өткізіп жатқан әйелдер. Қырғызстан, 8 қазан 2012 ж.
Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында "Ата-Жұрт" партиясының депутаттары Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров пен Талант Мамытовты қамаудан шығаруды талап етіп аштық жариялап жатқан әйелдердің саны 17 адамға жетті. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады. Денсаулығы нашарлаған себепті екі әйел аштық акциясын тоқтатқан.

Наразылық акциясына қатысушылар облыстық әкімшілік ғимаратының алдына тігілген төрт киіз үйде жатыр. Олардың денсаулықтарын дәрігерлер бақылап отыр.

Кеше Жалал-Абадта қамауда отырған үш депутатты абақтыдан үйқамаққа шығаруды талап еткен митинг өткен еді. Жиыннан соң бірнеше әйел аштық акциясын бастайтындарын мәлімдеді. Кейін оларға өзге әйелдер қосылды.

Өткен жұма күні Бішкек қаласындағы Первомай соты оппозициялық «Ата-Жұрт» партиясының парламенттегі фракциясының мүшелері Қамчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытовты екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарған. Оларға Құмтөр кенішін мемлекет меншігіне алуды талап еткен митинг кезінде "билікті күшпен басып алуға тырысты" деген айып тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG