Бүгін Қазақстанда оныншы Еуразиялық медиа форум жұмысы басталды. Бұған дейін Алматыда өткізіліп келген форум биыл алғаш рет Астанада өтіп жатыр.
Жиынға қатысушыларға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын премьер-министр Серік Ахметов оқып берді.
«Ақпаратқа қолжетімділіктің кеңеюі бұқаралық ақпарат құралдарына деген талаптарды арттырып, олардың қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін еселейді» делінген Назарбаевтың құттықтауында.
450 делегат шақырылған форумның жұмысына әлемнің 40-қа жуық елінен қоғамға танымал журналистер, саясаткерлер мен сарапшылар қатысып отыр. Оның күн тәртібіндегі тақырыптардың арасында «Араб көктемі», Иранның ядролық бағдарламасы және Кеден Одағы мәселелері талқыланады.