Accessibility links

Атыраулық азамат "терроризм" айыбымен 10 жылға сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Атырау қаласының 2-соты "террорлық ұйымның іс-әрекетіне қатысы бар" деген айып тағылған Айдос Құсановты 10 жыл мерзімге бас еркіндігінен айырып, мүлкін тәркілеуге үкім шығарды. Бұл жайлы Азаттық тілшісіне Атырау қалалық прокурорының көмекшісі Гүлфайруз Құсалиева хабарлады.

Гүлфайруз Құсалиеваның айтуынша, сот Құсановты бірнеше бап бойынша айыпты деп таныған, олардың арасында "террорлық ұйымның қызметіне қатысқан", "террористік немесе экстремистік ұйымдарды қаржыландырған", "заңсыз қару сақтаған" деген баптар бар.

Тергеушілер «салафизм ағымын ұстанатын Құсанов 2010 жылы күзде Ақтөбеде ниеттес адамнан 380 мың теңге алған, ол ақша Пәкістандағы «Қазақ ислам жамағаты» деп аталатын террорлық топқа арналған» деген болжам айтады.

- Сотталушы бұл ақшаны ақтөбелік «Жамағат Ансар-уд-дин» террористік тобының мүшесі И.Сағынаев арқылы муджахидтерге демеу ретінде «Қазақ ислам жамағаты» террористік тобына бергені тергеу барысында анықталды. Құсанов оны әр мұсылманның міндетті ретінде қабылдаған, - деді прокурор көмекшісі Гүлфайруз Құсалиева.

Оның мәлімдеуінше, "Атырау облысы тұрғыны Айдос Құсанов 2010 жылдың күзінен бері Ақтөбе қаласында салафиттік бағыттағы діни ағымды белсене насихаттап келген".
XS
SM
MD
LG