Accessibility links

Құл-Мұхаммед: Кедендегі жемқорлықтың кемитін түрі жоқ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Бүгін Астанада Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен, президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы ақпарат президенттің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстандағы жемқорлық деңгейінің төмендеуі өте баяу жүріп жатқанын айтқан Құл-Мұхаммед "әсіресе кеден органдарында жемқорлық ерекше көрініс тапқанын" мысалға келтірген.

"Осы органда [кеденде - Азаттық] сыбайластық жүйесі тұтас бір индустриялық деңгейге жеткен. 2010 жылдан бері бұл саланың 192 қызметкеріне қылмыстық іс қозғалса да, кеден жүйесіндегі жемқорлық одан әрі өршімесе, кемитін түрі жоқ. Кеден одағына кіруге орай мұндағы жағымсыз жағдайлар одан әрі күшейе түскен. Сондықтан осыған байланысты барлық мәселелер мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс" деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Комиссияның отырысында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевтың, кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Рәшит Түсіпбековтің, бас прокурор Асхат Дауылбаевтың және бірқатар министрліктер мен мекемелердің басшыларының есептері тындалған.
XS
SM
MD
LG