Accessibility links

Президент Назарбаев Түркияға сапармен барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Түркия президенті Абдулла Гүл. Анкара, 22 қазан 2009 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Түркия президенті Абдулла Гүл. Анкара, 22 қазан 2009 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні Түркияға ресми сапармен барды. Бұл туралы ақпарат президенттің ресми сайтында жарияланды.

Бұл жолғы сапар барысында Қазақстан президенті Түркияның жоғары басшылығымен кездеседі. Сонымен бірге Назарбаев жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бірінші отырысына және Қазақстан-Түркия бизнес-форумының жабылуына қатысады деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Осының алдында Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен еді.
XS
SM
MD
LG