Accessibility links

388 мектеп филиалы заңсыз жұмыс істеген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстанның жалпы білім беру саласында заңсыз жұмыс істеп келген 388 мектеп филиалы анықталған. Тіпті тиісті куәлігі болмаса да бұл мекемелер дара заңды тұлға ретінде тіркеуде тұрған. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрлігіне қарасты облыстық құрылымдардың қатысуымен өткен республикалық кеңесте білім вице-министрі Махметғали Сарыбеков айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

«Жалпы, Қазақстанда 6145 мұғалімнің мүлдем басқа пәндер бойынша дәріс бергендері анықталды. Қазіргі кезде оларға тиісті білім беріліп жатыр. Мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз етудің ресми статистикасы қате болып шықты. Былайша айтқанда, есеп пен нақты жұмыстың арасында біраз айырмашылық болды. Осының салдарынан жергілікті бюджеттерге қосымша қаражат аударуға тура келді», - деген білім вице-министрі.
XS
SM
MD
LG