Accessibility links

AI: Қытайда тұрғындарды үйінен күштеп шығару жиіледі


Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының белгісі.
Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының белгісі.
Қытайда соңғы жылдары биліктің пәрменімен тұрғындарды үй-жайынан мәжбүрлеп шығару оқиғалары жиілеп бара жатыр. Бұл туралы Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымының бүгін жарияланған баяндамасында айтылған.

Құжатта Қытайда соңғы төрт жылда адамдарды баспанасынан күштеп шығарған 40 оқиға егжей-тегжейлі баяндалған. Авторлардың жазуынша, өздерін отырған жерінен аяқ астынан, күш қолданып шығаруға келгендердің іс-әрекетіне тұрғындардың шағымдануға да мұршасы болмай қалған. Шарасыздықтан өз-өзіне қол салғандар да болған. Баяндамада сондай 9 қаза туралы айтылады, олардың көпшілігі наразылық ретінде өз-өзін өртеп жіберген.

Amnesty International ұйымының деректері бойынша, тұрғындарды баспанадан айыру "босаған" жерді құрылыс салу үшін сатып алуды көздейтін девелоперлер мен құрылыс компанияларының мүддесіне жұмыс істейтін жергілікті биліктің қолымен жасалады. Баяндамада елдің "әлеуметтік және саяси тұрақтылығына төнген қауіп" екендігі айтылған бұндай іс-әрекеттерге Қытайдың түрлі аймағында жұртшылықтың наразылық танытқаны жазылған.
XS
SM
MD
LG