Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан 4 адам мерт болды


Пәкістан полициясы жарылыс болған жерді зерттеп жүр. (Көрнекі сурет)
Пәкістан полициясы жарылыс болған жерді зерттеп жүр. (Көрнекі сурет)
Бүгін Пәкістанның Солтүстік Вазиристан провинциясындағы Оракзай қаласында жол бойындағы жарылыс салдарынан, алдын ала деректер бойынша, кемінде төрт адам қаза болып, тоғызы жараланған.

Қашықтан басқарылатын жарылғыш зат іске қосылғанда сол жердегі базарда жұрт көп жүрген деп хабарлады жергілікті билік өкілдері. Болжам бойынша, жарылғыш затты есекке артылған жүк арасына жасырған.

Әзірге бұл жарылысқа қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бұл аймақта тәлібтер және өзге де қарулы топтар бұған дейін де бірнеше рет жарылыстар ұйымдастырған. Олардан көбінесе бейбіт тұрғындар зардап шегеді.
XS
SM
MD
LG