Accessibility links

Грекияда жұмыссыздық 25 пайызға жетті


Афиныдағы ломбардтардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан әйел. (Көрнекі сурет)
Афиныдағы ломбардтардың бірінің жанынан өтіп бара жатқан әйел. (Көрнекі сурет)
Биылғы шілде айындағы көрсеткіштер бойынша Грекияда жұмыссыздық деңгейі 25,1 пайызға жетіп отыр деп хабарлады осы елдің статистика агенттігі. Сарапшылар жұмыссыздық деңгейі бұдан ары өсе беретінін айтады.

Былтыр шілде айында жұмыссыздық деңгейі 17,8 пайызды құраған еді. Жастар арасында жұмыссыздық 50 пайыздан асып кеткен.

Грекия бес жылдан бері рецессиядан құтыла алмай келеді. Қазір ел үкіметі бюджет шығынын үнемдеу мақсатында жаңадан қатаң шаралар қабылдау туралы кредиторлармен келіссөздер өткізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG